2018 жылғы Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет

Жалпы  2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына 17 аудиторлық іс-шара аяқталды және  қайта тексеру бойынша 1 іс-шара жүргізілді. Аудиторлық іс-шаралардың шеңберінде 404 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі 360 499 689,0 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы: қаржылық бұзушылықтар 22 153 426,0 мың теңгені, 2018 жылдың  I-жартыжылдығының қорытындысы бойыншарәсімдік бұзушылықтар 36 062 244,6 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты  204 967,2 мың теңгені  құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі  22 153 426,0 мың теңге болса, оның ішінде               2019 жылдың  1 қаңтардағы жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 19 455 920,0 мың теңгені құрап, қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 19 455 920,0 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100% орындалған.

Жалпы ақшалай түрде өтелгені 248 380,8 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі       19 207 539,2 мың теңгені құраған. 

2018 жылдың 12 айында аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған фактілер жөнінде 3 аудит материалдары белгіленген тәртіпте процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Есепті кезеңге тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 367 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 231 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 136 лауазымдық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 2018 жылдың 12 айында уәкілетті органдарға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылауы басқармасына, Фармация комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне) құрылыс қызметі туралы, бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін  және мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 125 материал жолданып, 103материал бойынша жалпы 6 649,8 мың теңге айыппұл салынған,  13 материал бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған, 9 материал өндірісте.

 2018 жылдың 12 айында Сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 әкімшілік іс қарау үшін жолданып, 3 әкімшілік іс бойынша жалпы 613,3 мың теңге айыппұл салынды. 2 іс  қысқартылды.  

Жалпы жоғарыда аталған 17 аудиторлық іс-шараларының және  қайта тексеру бойынша 1 іс-шара қорытындысымен  мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 665 тапсырмалар мен ұсынымдар (242 тапсырма, 423 ұсыным) жолданып, оның 2019 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына мерзімі келгені барлығы 543 тапсырмалар мен ұсынымдар толығымен орындалған                            (172 тапсырма, 371  ұсыным).