2018 жылдың 9 айының Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет

Жалпы  2018 жылдың 9 айында 13 аудиторлық іс-шара аяқталып, аудиторлық іс-шараларының шеңберінде 276 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен  қамтылған қаржы көлемі 246 203 861,4 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 67 229 617,6 мың теңгені (қаржылық бұзушылықтар 13 927 305,5 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 53 132 935,8 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты  169 376,3 мың теңге) құраған. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 13 927 305,5 мың теңге болса, оның ішінде               2018 жылдың  1 қазандағы жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 7 632 526,5 мың теңгені құрап, қалпына келтірілгені және өтелген қаржы көлемі 7 632 526,5 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100% орындалған.

Жалпы ақшалай түрде өтелгені 240 068,5 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі       7 392 458,0 мың теңгені құраған. 

2018 жылдың 9 айында аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталған фактілер жөнінде 3 аудит материалдары белгіленген тәртіпте процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Есепті кезеңге тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 225 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 137 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 88 лауазымдық тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 2018 жылдың 9 айында уәкілетті органдарға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылысы бақылауы басқармасына) құрылыс қызметі туралы, бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін  және мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарынбұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 76 материал жолданып,             55 материал бойынша жалпы 3 559,4 мың теңге айыппұл салынған, 10 материал бойынша айыппұл салуға мүмкіншілік болмаған, 11 материал өндірісте.

 2018 жылдың 9 айында Сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 әкімшілік іс қарау үшін жолданып, 3 әкімшілік іс бойынша жалпы 613,3 мың теңге айыппұл салынды. 2 іс  қысқартылды.  

Жалпы жоғарыда аталған 13 аудиторлық іс-шараларының қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 548 тапсырмалар мен ұсынымдар (188 тапсырма, 360 ұсыным) жолданып, оның 2018 жылдың                                1 қазандағы жағдайына мерзімі келгені барлығы 311 тапсырмалар мен ұсынымдар толығымен орындалған. Мерзімі келмеген орындалған ұсынымдар мен тапсырмалар саны 50  құрап, барлығы нақты орындалғаны 361 тапсырмалар мен ұсынымдар ( 75 тапсырма, 286  ұсыным).