2019 жылдың I- тоқсаны есепті кезеңге Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі қорытындылары туралы мәлімет
Жалпы 2019 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына 1 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 15 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 35 042 296,2 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы: қаржылық бұзушылықтар 5 999 649,0 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 9 220,9 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 5 999 649,0 мың теңге болса, оның ішінде 2019 жылдың 1 сәуірдегі жағдайына қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 5 999 649,0 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100% орындалған.
Жалпы ақшалай түрде өтелгені 3 189,5 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 5 996 459,5 мың теңгені құраған.
2019 жылдың I-тоқсанында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 10 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 9 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 1 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Есепті кезеңге уәкілетті органдарға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын және мемлекеттік сатып алу туралы Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 9 материал жолданып, 1 материал бойынша 63,1 мың теңге айыппұл салынған, 8 материал уәкілетті органның қарауында.
2018 жыл соңында уәкілетті органға жолданып, уәкілетті органның қарауында болған 9 материал бойынша, 2019 жылы жалпы сомасы 757,5 мың теңге айыппұл салынған.
Жалпы жоғарыда аталған 1 аудиторлық іс-шараның қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 1 тапсырма мен 1 ұсыным жолданған, мерзімі келмеген.