2025 жылғы 18 ақпан Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Отырар ауданының түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақтылы түсуіне, бюджет қаржыларының жұмсалуына және бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қортындысы қаралды. Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында аудан бюджетін нығайтуға және қаржылық тәртіпті жақсартуға бағытталған аудит объектілеріне тапсырмалар мен ұсынымдар жолданды.



