«Жылумен жабдықтау саласындағы басқару, тартылған қаржы қаражатының мақсатына сай пайдаланылу және жылу энергиясын өндіру мен беру объектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындау тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» сыртқы мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпарат.
Аудиторлық іс-шарамен 8 мемлекеттік аудит объектісінде жалпы 5 806 928,9 мың теңге қаржы қамтылған.
Іс-шара барысында жалпы 550 004,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және рәсімдерді орындау тәртібінің бұзылуы бойынша жалпы 35 бірлік бұзушылық фактілері анықталған.
Жалпы қалпына келтірілуге жататын қаржы көлемі 550 004,9 мың теңге.
Аудиторлық іс-шара барысында 413 210,3 мың теңге қалпына келтірілген.
176,1 мың теңге сомасына бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану фактісі анықталған.
Әкімшілік шара көру мәселесі бойынша 7 материал уәкілетті органдар қарауына жолданған.
Бұзушылықтарға жол бергені 2 жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен «Жылумен жабдықтау саласындағы басқару, тартылған қаржы қаражатының мақсатына сай пайдаланылу және жылу энергиясын өндіру мен беру объектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындау тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының нәтижелері туралы қорытынды бекітілді.