«Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында 2022 жылдың бюджетін жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына және Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған Даму жоспарының іске асырылуына мемлекеттік аудит жүргізу» іс-шарасы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында 2022 жылдың бюджетін жоспарлау және атқару кезінде бюджет заңнамасының сақталуына және Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған Даму жоспарының іске асырылуына мемлекеттік аудит жүргізу», аудиторлық іс-шарасы бойынша «Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын және аудит объектілері қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен тиісті хаттамалар түзілді.