«ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУ, ТАРТЫЛҒАН ҚАРЖЫ ҚАРАЖАТЫНЫҢ МАҚСАТЫНА САЙ ПАЙДАЛАНЫЛУ ЖӘНЕ ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ МЕН БЕРУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ТИІМДІЛІГІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖҮРГІЗУ» ІС-ШАРАСЫ БАРЫСЫНДА АУДИТ ОБЪЕКТІЛЕРІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің  тізбесіне сәйкес, «Жылумен жабдықтау саласындағы басқару, тартылған қаржы қаражатының мақсатына сай пайдаланылу және жылу энергиясын өндіру мен беру объектілерінің инвестициялық бағдарламаларды орындау тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізу»  аудиторлық іс-шарасы бойынша IІ-кезеңде «Түркістан облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Кентау қалалсы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекция бөлімі» мемлекеттік мекемесі», «Кентау қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Кентау сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны», «Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шолаққорған-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны» мекемелерінде тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын және аудит объектілері қызметкерлерінің   құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жұмыстары  жүргізіліп, нәтижесімен тиісті хаттамалар түзілді.