«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

           жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

          Мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі:

          Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

            Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

           1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

          2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

           Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты 
minmax
D-4 (А-блок)263131302265

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы,  160012, Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат. Анықтама үшін сымтетік: 8 –(725-33)5-77-51, эл.почта  k.mahan@ontustik.gov.kz

1. Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы                D-4 санаты, 1 бірлік:

Негізгі функционалдық міндеттері: 

Бөлімнің  құзырлығына кіретін мәселелер бойынша аудиторлық іс-шаралары бойынша жоспарлау сатысынан бастап, аудиторлық іс-шарасының қорытындылары бойынша шешім қабылдағанға дейінгі сапаны бақылау рәсімдерін жүзеге асыру,  аудиторлық іс-шараларды жүзеге асыру кезінде тексеру комиссиясының сыртқы мемлекеттік аудит сапасын қамтамасыз етуге және сыртқы мемлекеттік аудит саласындағы заңнаманың, сондай-ақ тексеру комиссиясы үшін әзірленген құқықтық актілердің және әдіснамалық құжаттардың белгіленген талаптарын сақтауға жәрдемдесу, аудиторлық іс-шараны бағалауды жүргізу, нормативтік-құқықтық және құқықтық актілер әзірлеуге және сапаны бақылау мәселелері бойынша құжаттарды дайындау; тексеру комиссиясының регламентіне сәйкес бөлімге қатысты жұмыстарды атқару, бөлім құзырлығына кіретін іс-қағаздарды әзірлеу.

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

           Бизнес, басқару және құқық (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит, әлемдік экономика, құқықтану) мамандықтары

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

           1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нысаны қоса беріледі);

           2) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметі растаған  қызметтік тізім.

          Құжаттардың пакетін толық емес немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

         Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын Е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  үш жұмыс күні ішінде «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне  (Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат) ұсынылуы тиіс.

         Әңгімелесуге рұқсат берілген  кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін  бір жұмыс күні ішінде әңгімелесуді өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарлама телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

         Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттармен «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне  (Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат)  әңгімелесу, хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

         Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

          Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  сайты: www.kyzmet.gov.kz

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының сайты:  turkistan-revkom.kz