«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

D-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі:

Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда немесе А-3, В-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес; D-O-3, D-R-1, E-2, E-R-1;

2) Құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында не облыстық және оған теңестірілген соттан немесе Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотынан төмен емес судья лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

3) ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған кезде осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

— Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 сәуірде № 32237 болып тіркелген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

СанатЕңбек сіңірген жылдарына байланысты 
minmax
D-2 (А-блок)410720471788

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы,  160012, Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат. Анықтама үшін сымтетік: 8 –(725-33)5-77-51, эл.почта  revkom_turkestan@mail.ru

1. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы        (D-2 санаты, 1 бірлік, «А» блогы)

Негізгі функционалдық міндеттері: 

Тексеру комиссиясы аппаратына жалпы басшылық жасау, аудиторлық, ақпараттық-талдамалық іс-шараларды ұйымдастыруды және оған қатысуды қамтамасыз ету; Тексеру комиссиясының ақпараттық жүйелерін жүргізуді ұйымдастыру; Тексеру комиссиясының қызметін регламенттейтін ішкі құжаттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; Тексеру комиссиясының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі жұмысты жүзеге асыру, Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (экономика, қаржы, есеп және аудит,мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит, әлемдік экономика, құқықтану, менеджмент, маркетинг),

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Өтініш;

2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нысаны қоса беріледі);

3) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметі растаған  қызметтік тізім.

Құжаттардың пакетін толық емес немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын Е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  үш жұмыс күні ішінде «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне  (Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат) ұсынылуы тиіс.

Әңгімелесуге рұқсат берілген  кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін  бір жұмыс күні ішінде әңгімелесуді өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарлама телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.

Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттармен «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне  (Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат)  әңгімелесу, хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  сайты: www.kyzmet.gov.kz

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының сайты:  turkistan-revkom.kz

Файлды жүктеу