«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі:
Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
Санат | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты | |
min | max | |
D-4 (В-блок) | 226 837 | 260 564 |
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы, 160012, Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат. Анықтама үшін сымтетік: 8 –(725-33)5-77-51, эл.почта эл. revkom_turkestan@mail.ru
1. Жоспралау, талдау және есептілік бөлімінің бас маманы, D-4 санаты, 1 бірлік:
Негізгі функционалдық міндеттері:
Жергілікті бюджеттің атқарылуын талдау; Тексеру комиссиясының есептерін, ақпараттары мен қорытындыларын даярлау; тиісті органдарға тоқсандық және жылдық ақпаратты дайындауға қатысу; жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі жылдық есепті әзірлеуге қатысу; бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша талдамалық материалдарды дайындау; мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау тиімділігін арттыру бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу үшін бақылау құжаттарын бағалауды және талдауды жүргізу, Тексеру комиссиясының аудиторлық қызметінің нәтижелері бойынша тоқсандық, жылдық есептерін қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Бизнес, басқару және құқық (Экономика, Қаржы, Менеджмент, Маркетинг, Есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит, Жобаларды басқару, Әлемдік экономика) мамандықтары
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Өтініш;
2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 3-қосымшаға сәйкес нысандағы 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен нысан бойынша толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер мен заңның «Қазақтан Республикасның мемлекеттік туралы» 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адам мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Өтініш;
2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурстық комиссияның хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде ұсынған кандидаттарға электрондық түрде құжат ұсынылған электрондық пошта мекенжайларына, ақпараттандыру оюъектілерімен жіберіледі.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде «Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат, e-mail: revkom_turkestan@mail.ru немесе «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесіне «Е-gov» электрондық үкімет порталы арқылы электрондық түрде тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттар қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы әңгімелесу «Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде (Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат), рұқсат берілген туралы хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуі мүмкін.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден төмен емес Қазақстан Республикасының азаматтары, соның ішінде, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шағымдана алады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының сайты: turkistan-revkom.kz
Нысан «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы |
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені______________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.
Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:_______________________________________________
_________________________________________________________________
Мекенжайы:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Байланыс телефондары: ________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
20 __ ж. «___»_______________
Форма |
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) | ФОТО (түрлі түсті/ цветное, 3х4) | ||
_______________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) | |||
_______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) | |||
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ | |||
1. | Туған күні және жері / Дата и место рождения | ||
2. | Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) | ||
3. | Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей | ||
4. | Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения | ||
5. | Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) | ||
6. | Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками | ||
7. | Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) | ||
8. | Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) | ||
9. | Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) | ||
10. | Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) | ||
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ | |||
Күні / Дата | қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации | ||
қабылданған / приема | босатылған / увольнения | ||
_____________________ Кандидаттың қолы / Подпись кандидата | _______________ күні / дата |
* Примечание: в послужном списке каждая занимаемая должность заполняется в отдельной графе