Бүгін Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Тапеев Ғалымжан Серікбайұлы мекеме қызметкерлеріне тексеру комиссиясының аппарат басшысы лауазымына тағайындалған Жанабай Абзал Мұханұлын таныстырып, жаңа қызметімен құттықтады.
Жанабай Абзал Мұханұлы 1991 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің инспекторы болып бастаған. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Материалдық-техникалық камсыздандыру Басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жетекші, бас маманы, бөлім басшысы, «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас консультанты, сектор меңгерушісі қызметттерін атқарған