2024 жылғы аудан және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы

2025 жылғы 16 мамырда Бәйдібек аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысында Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Н.Тағаев «2024 жылғы аудан және ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы» жөніндегі есепке Тексеру комиссиясының қорытындысын таныстырды. Отырыста бюджеттің тиімділігі туралы депуттардан тиісті сұрақтар қойылып, Тексеру комиссиясы тарапынан нақты жауаптар мен ұсыныстар берілді. Нәтижесімен күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, сессияның қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.