«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
D-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мынадай құзыреттердің болуы талап етіледі:
Күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі талап етілмейді;
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
Санат | Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
Орташа | |
D-5 (В-блок) | 243700 |
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы, 160012, Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат. Анықтама үшін сымтетік: 8 –(725-33)5-77-51, эл.почта revkom_turkestan@mail.ru
1. №2 Мемлекеттік аудит бөлімінің жетекші маман – мемлекеттік аудитордың ассистенті. D-5 санаты, 1 бірлік:
Негізгі функционалдық міндеттері:
Бөлім жұмысының өзінің құзыреті шегінде жүктелген міндеттерді іске асыруға;
Бөлімнің жұмыс жоспарын орындалуын қамтамасыз етуге;
Тексеру комиссиясының отырыстарында қойылатын мәселелерді дайындауға көмек көрсетуге;
Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрықтарының, хаттамалық тапсырмаларының және Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің шешімдерін, сондай-ақ Түркістан облысының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің және Түркістан облыстық прокуратурасының алқа мәжілісінде берілген хаттамалық ұсыныстарын, тапсырмаларын (шешімдерін) орындауға;
Мемлекеттік органдарға, ҚР Жоғары аудиторлық палатасына, сондай-ақ Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімдеріне, бөлімге қатысты бөлігінде тиісті есептіліктерді, ақпараттарды (мәліметтерді) және Тексеру комиссиясының қызметіне бағалау жүргізудің нәтижелерін әзірлеп, мерзімдерінде ұсынуға;
Облыстық және аудандық (қалалық) мәслихаттарына жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы туралы жылдық есептi әзірлеуге көмектесуге, ақпарат дайындауға;
Алдын ала зерделеудің нәтижесі туралы ақпаратты, аудит бағдарламасын сапалы және уақтылы әзірленуіне жәрдемдесуге;
Аудиторлық іс-шараға (негізгі кезең) шыққанға дейін мемлекеттік аудит тобының қатысушыларына ұйымдастырылған техникалық (нұсқамалық) сабақтарға қатысуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
Мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Бизнес, басқару және құқық (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит, әлемдік экономика, құқықтану) мамандықтары
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті персоналды басқару қызметі растаған қызметтік тізім.
Құжаттардың пакетін толық емес немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын Е-қызмет интегралды ақпараттық жүйесі немесе «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттарды қабылдау ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат) ұсынылуы тиіс.
Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде әңгімелесуді өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарлама телефон арқылы, қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Әңгімелесуге рұқсат берілген кандидаттармен «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесіне (Түркістан қ., Жаңа Қала шағын ауданы, 32 көше 16 ғимарат, департаменттер үйі С-блок 4 қабат) әңгімелесу, хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының сайты: turkistan-revkom.kz