ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНДА ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

2025 жылдың 28 сәуірінде Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А.Жанабайдың төрағалығымен деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Жалғас Жорабек қатысты.
Кездесудің мақсаты дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, шетелде діни білім алудың қауіптілігі жайлы кеңінен түсіндірілді. Кездесудің соңында қойылған сұрақтарға теолог маман тарапынан толық жауап берілді.