ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНДА «ОЙЫН БИЗНЕСІ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫНДА КӨЗДЕЛГЕН АНЫҚТАМАҒА ЖАТАТЫН ОЙЫН МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА БӘС ТІГУГЕ ҚАТЫСУ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУДІ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ
2025 жылдың 28 сәуірінде Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясында аппарат басшысы және әдеп жөніндегі уәкіл Абзал Мұханұлы Жанабайдың төрағалығымен «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға бәс тігуге қатысу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзушылыққа жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстары жүргізілді.
Жиналысқа Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға офицері Қарсыбай Гүлзия Нұрғалиқызы қатысты.
Ол өз сөзінде заңсыз ойын бизнесі фактілерін анықтау және оған мемлекеттік қызметшілердің қатысуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар, Қаржылық пирамида – заңсыз инвестициялық схема, оның қызметі негізінде жаңа қатысушылардан жинақталған қаражат ескі қатысушыларға төленеді. Бұл, өз кезегінде, ұзақ мерзімді перспективада жүйенің құлауы мен адамдардың қаржылық шығындарына әкелетінін ескертті. Егер сіз қаржылық пирамидаға байланысты күдік туғызатын жағдайларды байқасаңыз, құқық қорғау органдарына дереу хабарласу қажет. Қаржылық пирамидалардың әсерінен тек жеке адамдар ғана емес, тұтас экономикалық жүйе де зардап шегетінін айтып, түсіндіру жұмыстарын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар аталған тақырыпқа қатысты мемлекеттік қызметшілермен түрлі ойындар өткізіліп, арнайы слайдтар көрсетілді.


