ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІОТЫЗ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ
ОТЫЗ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық
мәслихатының кезекті отыз бірінші сессиясының
отырысы өткізілді. Сессия жұмысына мәслихат
төрағасы Ғаппар Амантайұлы төрағалық етіп,
отырысты ашып, жүргізді.

Сессия барысында ұсынылған есептер тыңдалып,
депутаттар тарапынан тиісті сұрақтар қойылып,
нақты ұсыныстар айтылды. Түркістан қаласының
әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері,
инфрақұрылым мен жол сапасын жақсарту,
жолаушылар тасымалы, сондай-ақ бюджетті тиімді
игеру мәселелері жан-жақты талқыланды.


Сессияға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек
Пазылбекұлы, қала әкімінің орынбасарлары
Байдулла Оразбеков пен Талғат Төлегенов, қала
әкімінің аппарат басшысы Қуаныш Әлібеков,
сондай-ақ тексеру комиссиясының мүшесі Арман Дарибаев және қалалық дербес бөлім басшылары
қатысты.
Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселелер
қаралды:

  1. 2024 жылғы Түркістан қалалық бюджетінің
    атқарылуы туралы есеп;
  2. «Инфрақұрылым және коммуникациялар»
    бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың
    орындалуы жөніндегі есеп;
  3. «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары»
    бөліміне жүктелген міндеттердің орындалу барысы
    туралы есеп;
  4. Түркістан қалалық мәслихатының 2023 жылғы
    27 желтоқсандағы №12/53-VII «Түркістан қалалық
    учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін
    сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
    мәселе.