2025 ЖЫЛҒЫ 24 МАУСЫМЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Ордабасы ауданының түсімдердің аудандық бюджетке толық, уақытылы түсуіне, бюджет қаржыларының жоспарлануына және бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды. Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында аудан бюджетін нығайтуға және қаржылық тәртіпті жақсартуға бағытталған аудит объектілеріне тапсырмалар мен ұсынымдар жолданды.


