ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ КЕМСІТУШІЛІКТЕН ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚУДАЛАУДЫ БОЛДЫРМАУ ЖӘНЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ» БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А.Жанабайдың төрағалығымен 2025 жылдың 25 маусымында Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушіліктен және жыныстық қудалауды болдырмау және профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Кожабекова Наталья Сунгатовна мемлекеттік органдарда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ жұмыс орнында қауіпсіз әрі өзара құрметке негізделген ортаны қалыптастыру, жыныстық қудалау мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


