Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы
2025 жылдың 26 желтоқсанда Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізіліп, күн тәртібіне сәйкес мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «Түлкібас ауданы бойынша бюджет қаржыларының жұмсалуына және бюджеттік бағдарламаларының іске асырылу тиімділігіне аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды. Отырыстың қорытындысы бойынша, мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау үшін іс-шаралар атқаруға, бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде тапсырмалар берілді.



