2025 жылғы 4 наурыз Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Сарыағаш ауданының бюджет қаржыларының жұмсалуына, бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуына және активтерді пайдалануына аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қортындысы қаралды. Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою мақсатында аудан бюджетін нығайтуға және қаржылық тәртіпті жақсартуға бағытталған аудит объектілеріне тапсырмалар мен ұсынымдар жолданды.