Тексеру комиссиясы мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді

2026 жылдың 03 наурызында Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А.Жанабайдың төрағалығымен Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Л.Мырзараимова, Түркістан облысының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» теолог маманы Дүйсен Асхат Өмірзақұлы және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Н.Наркабулов Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясы мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиын барысында, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, мемлекеттік қызметшілердің қызметте де, қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтауды басты назарда ұстау керектігі түсіндірілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әрбір қызметкердің адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын қатаң сақтаудың маңыздылығы атап өтілді. «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы кездесу өткізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер тарапынан ұсыныстар айтылып, сұрақтарға жауаптар берілді.

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *