Деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді
2026 жылдың 30 маусымдағы Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А.Жанабайдың төрағалығымен деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесуге Түркістан облысы Дін мәселелерін Зерттеу орталығының ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлім басшысы Қайрат Құралтайұлы Салықбаев қатысты. Кездесудің мақсаты дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, діни экстремизм мен теріс діни ағымдардың алдын алу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, шетелде діни білім алудың қауіптілігі жайлы кеңінен түсіндірілді. Кездесудің соңында қойылған сұрақтарға теолог маман тарапынан толық жауап берілді.



