«Мемлекеттік қызмет ардагері»
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Серікбайұлы Тапеев Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Нұрлан Кенжеұлы Тағаевты 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапаттады. Нұрлан Кенжеұлы тексеру комиссиясы жүйесінде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, еліміздің нығаюына, мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау саласының дамуына, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметін жетілдіруге елеулі үлес қосты. Сонымен қатар, өзіне жүктелген міндеттерді жоғары кәсібилікпен және мінсіз атқарып, қызмет барысында белсенділік пен жауапкершілік танытқаны үшін, сондай-ақ тексеру комиссиясының дамуына сіңірген еңбегін ескере отырып, аталған жоғары марапатқа лайық деп танылды.

