⚽️ ТЕҢГЕ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ФУТЗАЛ ТУРНИРІ ӨТТІ

Ұлттық валюта – теңге күніне орай Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен сыртқы мемлекеттік аудит органдары мен қаржы мекемелері арасында футзал турнирі өтті.

Турнирге Алматы және Шымкент қалаларының, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарының тексеру комиссиялары, ҚР Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша департаменттерінің құрамасы, сондай-ақ Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының командасы қатысты.

Әріптестік байланысты нығайтуға, салауатты өмір салтын дәріптеуге және командалық рухты арттыруға бағытталған жарыс тартысты әрі достық атмосферада өтті. Қатысушылар алаңда шеберлік пен жеңіске деген жігерін көрсетіп, жанкүйерлерге ерекше көңіл күй сыйлады.

🏆 Турнир қорытындысы бойынша:

🥇 І орын – Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы;

🥈 ІІ орын – ҚР Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша департаменттерінің құрамасы;

🥉 ІІІ орын – Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы.

Сонымен қатар, «Үздік жанкүйер», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік сұрмерген» және «Үздік ойыншы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, номинация иегерлеріне сыйлықтар мен кубоктар табысталды.

Барлық қатысушыларға тартысты ойындары үшін, ал жанкүйерлерге белсенді қолдауы үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтап, әріптестерімізге қызметте табыс, спортта жаңа жетістіктер тілейміз!

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *