Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің  тізбесіне сәйкес, «Түркістан облысы бойынша  2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына және Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен өңірдегі  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласының дамуына  бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтердің тиімді пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу»  аудиторлық іс-шарасы бойынша І-кезең бойынша ««Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесіне», ««Түркістан қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Түркістан жол қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне», ««Сайрам аудандық тұрғын үй -коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі», ««Кентау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі» мекемелерінде тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын және аудит объектілері қызметкерлерінің   құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жұмыстары  жүргізіліп, нәтижесімен тиісті хаттамалар түзілді.