Арыс қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын және аудит объектілері қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жұмыстары
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Арыс қаласының бюджетті тиімді жоспарлау және атқару, аумақты дамыту бағдарламасын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізу», аудиторлық іс-шарасы бойынша І-кезеңде «Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласының «Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі », «Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны », «Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арыс қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі », «Арыс қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекетік мекемесі», «Арыс қаласы «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт» бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арыс футбол клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі», «»Арыс қаласының» Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арыс қаласының ұлттық және жекпе-жек спорт түрлері, аула клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласының «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі», «Арыс қаласының «Кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі» мекемелерінде тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талаптарын және аудит объектілері қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен тиісті хаттамалар түзілді.