Тапеев Ғалымжан Серікбайұлы

Тәпеев Ғалымжан Серікбайұлы 1985 жылы  Алматы қаласында дүниеге келген, 2006 жылы Т.Рысқұлов  атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі, мемлекеттік аудитор, кәсіби бухгалтер, халықаралық  аудитор сертификаттары бар. Еңбек жолын Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті, «Экономика» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы болып бастаған. Сонымен қатар Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бас сарапшы – мемлекеттік бақылаушысы, бас консультант-мемлекеттік аудиторы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ішкі аудит басқармасының  басшысы, «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі, «Қазақстандық қоғамдық даму институты «Рухани Жаңғыру» КЕАҚ ішкі аудит қызметінің басшысы, Астана  қаласы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы қызметттерін атқарған.