Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясында қазақстан республикасының «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» мәселелері бойынша жиын өткізілді
2025 жылдың 18 ақпанында Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің еріктісі Қасиет Өмірбекқызының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын және алдын алуға бағытталған жиын өтті. Жиын барысында Қасиет Өмірбекқызы ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңын және ҚР сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, дайындалған бірнеше бейнероликтерді көрсете отырып, бүгінгі таңда агенттікпен атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтылды.
Тексеру комиссиясының аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А.Жанабай аталған жиналыста мекеме қызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлық қылмыс істемеу үшін барлық мүмкін жағдайларды болдырмау, заңды бұзу фактілерінің алдын алу бойынша қажетті шаралар атқарылатынын айтып, тексеру комиссиясы қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, кез-келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жолын кесу, қоғамда және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, Әдеп Кодексінің және мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларының талаптарын қатаң түрде сақтау керектігін айтты.

