2025 ЖЫЛДЫҢ 18 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Түркістан облысының ветеринария саласындағы жануарларды қорғау туралы нормаларды іске асыруға бөлінген және игерілген бюджет қаражаттарының пайдаланылуына бағалау жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды. Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде сондай-ақ, кейбір нормативтік құжаттарды айқындауға, сәйкестендіруге және бекітуге бағытталған аудит объектісіне тапсырма мен ұсыным жолданды.



