2025 ЖЫЛДЫҢ 18 ҚЫРКҮЙЕГІНДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ҚОРЫТЫНДЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Түркістан облысы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлау бағдарламасына бөлінген қаржыларының жұмсалуына және мемлекет активтерін пайдаланылуына тиімділік аудит жүргізу» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы қаралды.
Аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясымен анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау жөнінде сондай-ақ, кейбір нормативтік құжаттарды айқындауға, сәйкестендіруге және бекітуге бағытталған аудит объектісіне тапсырма мен ұсыным жолданды.