2024 ЖЫЛҒЫ САУРАН АУДАНЫ БЮДЖЕТІНІҢ АТҚАРЫЛУЫ

2025 жылғы 14 мамырда Сауран аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысында Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі С.Аметов «2024 жылғы Сауран ауданы бюджетінің атқарылуы» жөніндегі есепке Тексеру комиссиясының қорытындысын таныстырды. Отырыста бюджеттің тиімділігі туралы депуттардан тиісті сұрақтар қойылып, Тексеру комиссиясы тарапынан нақты жауаптар мен ұсыныстар берілді. Нәтижесімен күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, сессияның қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.