Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалаудың алдын алуға бағытталған жиналыс өткізілді
2025 жылдың 26 қыркүйегінде Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А.Жанабайдың төрағалығымен Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, Мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалаудың алдын алуға бағытталған жиналыс өткізілді.
Жиналыс ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Кожабекова Наталья Сунгатовнаның қатысуымен өтті.
Жиналыс барысында мемлекеттік органдарда тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, қызметкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ жұмыс орнында қауіпсіз әрі өзара құрметке негізделген ортаны қалыптастыру, жыныстық қудалау мен кемсітушілікке жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

