ЛУДОМАНИЯ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ
2025 жылдың 10 қыркүйегінде Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясында аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А.Жанабайдың төрағалығымен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департамент өкілінің қатысуымен “Ойын бизнесі туралы” ҚР Заңында көзделген анықтамаға жататын ойын мекемелерінде құмар ойындарға бәс тігуге қатысу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеу, бұзушылыққа жол бермеу бойынша жиын өтті.
Мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне баруы мемлекеттік аппарат үшін беделді тәуекелдерге әкеп соғады, азаматтарда адалдық пен парасаттылыққа күмән туғызады. Мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелері бөлігіндегі беделіне қойылатын талаптар
мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы азаматтарда олардың моральдық-адамгершілік қасиеттері мен азаматтық ұстанымдарының мінсіз екендігне күмән туғызбауына байланысты белгіленеді.
Лудомания — жай ғана әуестік емес, бұл — психологиялық тәуелділік. Ол адамның отбасылық қарым-қатынасына, қызметіне, беделіне орасан зиян тигізеді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында мұндай дертке қарсы күрес — тек қана тәртіптік шаралармен шектеліп қалмауы керек. Алдын алу, түсіндіру, психологиялық қолдау көрсету — басты назарда болуы тиіс.


