Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылдың І-жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат
2020 жылдың 1 шілдедегі жағдайына 8 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 110 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 105 244 460,1 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 9 701 390,6 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 5 025 732,8 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 4 596 327,9 мың теңгені, тиімсіз жоспарланған қаржы 79 329,9 мың теңгені құрады. Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 5 025 732,8 мың теңге болса, оның ішінде 2020 жылдың 1 шілдедегі жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 4 132 607,3 мың теңгені құрап, нақты қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 4 132 607,3 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100% орындалған.
Жалпы ақшалай түрде өтелгені 17 720,2 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 4 114 887,1 мың теңгені құраған.
2020 жылдың I-жартыжылдығында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 94 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 72 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 22 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Есепті кезеңде уәкілетті органға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңнамасының, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 24 материал жолданып, 23 материал бойынша 1 595,9 мың теңге айыппұл салынған, 1 материал өндірісте.
Жалпы жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысымен мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 37 тапсырма мен 33 ұсыным жолданған. Есепті кезеңге мерзімі келген 16 ұсынымдар мен 16 тапсырмалар толығымен орындалған.