Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі жөніндегі ақпарат

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі жөніндегі мәлімет

 

Өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

Жалпы Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясымен  облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің 2021 жылы орындалуына жүргізілген талдау нәтижелері көрсеткендей, облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері орындалған.Негізінен басты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсу қарқыны байқалған болса, бірқатар көрсеткіштер бойынша өткен кезеңдермен салыстырғанда төмендеу жағдайлары да орын алған.
Бұл ретте өткен жылдармен салыстырғандағы кему қарқыны байқалған негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өсу қарқынын қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстардың атқарылуы қажет етіледі.

 

 Жергілікті бюджетке түскен түсімдердің атқарылуы
2021 жылы облыстық бюджетке түскен түсімдер 1 153 458 945,7 мың теңгені құрады, 2020 жылмен салыстырғанда 309 233 463,6 мың теңгеге артқан.
2021 жылы облыстық бюджетті нақтылау және түзету барысында түсімдерге елеулі өзгерістер енгізіліп, 263 860 416,0 мың теңгеге ұлғайып, жоспар 1 151 949 645,0 мың теңгені құраған.
Түсімдер бөлігінің жоспары 1 151 949 645,0 мың теңге болса, нақты 1 153 458 945,7 мың теңге түскен немесе жоспар 100,1 % орындалған. Оның ішінде (трансферттердің түсімдерін қоспағанда) 19 кіріс көзі бойынша жоспар асыра орындалған, 4 кіріс көзі бойынша жоспар орындалмаған, 3 кіріс көзі жоспарланбасада түсімдер түскен. Трансферттер түсімі 100%-ға орындалған.
Облыстық бюджетке түскен түсімдердің жалпы көлемінде кірістердің үлесі 89,4 %, бюджеттік кредиттерді өтеу – 1,9%, қарыздар түсімі – 8,7%, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер 0,02%  құраған.
Бюджет кредиттерін өтеу сомаларының жоспары 21 516 676,0 мың теңгені құрап, 21 516 134,7 мың теңгеге немесе 100,0 % орындалған.
Қарыздар түсімі бойынша жоспар 100 872 020,0 мың теңгені құрап, 100 872 020,0 мың теңгеге немесе 100% орындалған.
Жалпы 2021 жылы республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер үлесі түсімдердің жалпы көлемінде 85,2% құраған немесе өткен жылмен салыстырғанда 1,4%-ға артқан. Ал өзіндік кірістердің түсімдердегі үлесі 2020 жылы 4,5%-ын құраған болса, 2021 жылы 4,1%-ын құраған.

 

Жергілікті бюджет шығындарының атқарылуын бағалау
2021 жылы облыстық бюджеттің жалпы шығыс бөлігінде қаралған 1 152 136 404,0 мың теңгенің 1 151 064 216,1 мың теңгесі игеріліп, жоспар 99,9 %-ға орындалған. 1 152 136 404,0 мың теңгенің 1 151 064 216,1 мың теңгесі игерілген. Атқарылмау сомасы 1 072 187,9 мың теңгені, оның ішінде бюджет қаражатының үнемделуі 169 923,4 мың теңгені (124 014,8 мың теңге мемлекеттік сатып алудан, 3 947,5 мың теңге жалақыдан бос орындар есебінен, 41 961,1 мың теңге басқа да себептер), игерілмеген қаржылар 710 692,5 мың теңгені құраған. Облыстық жергілікті атқарушы органының резервтерінің бөлінбеген қалдығы 191 572,0 мың теңге.
Облыстық бюджеттің шығыстарындағы қаражаттың басым бөлігі білім беруге 39,3%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 7,5%, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары 5,7%, әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыруға 3,5%, көлік және коммуникацияға 2,8%, басқалар 7,5%, өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 2,0%, трансферттер 24,0%, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 2,6% бағытталған.
2021 жылы 29 бюджеттік бағдарлама әкімшісі тарапынан 225 бюджеттік бағдарлама іске асырылған. Алайда, жыл бойында бюджет қаржысының игерілуі төмен дәрежеде болғандығын атап өту қажет: 2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша игерілмеген қаржы көлемі 522 276,6 мың теңге болса, 2 тоқсанның қорытындысы бойынша 1 352 421,0 мың теңге, 3 тоқсанның қорытындысы бойынша 1 119 257,6 мың теңге, ал 2021 жылдың 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша 23 866 428,8 мың теңгеге жоспар игерілмей қалған.
Жыл қорытындысы бойынша Пайдаланылмаған қаржының негізгі бөлігі жергілікті атқарушы орган резервтерінің бөлінбеген қалдығы 191 572,0 мың теңге (17,9%), игерілмеген қаржы 710 692,5 мың теңге (66,3%), үнемделген қаржы 169 923,4 мың теңге (15,8 %) есебінен құралған.
2021 жылдың қорытындысы бойынша игерілмеген 710 692,5 мың теңге төмендегі себептерге байланысты қалыптасқан: тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өнім берушілерінің шарттық міндеттемелерді орындалмағандықтан 48 596,8 мың теңге және өзге де себептерге байланысты 662 095,7 мың теңге игерілмеген.

 

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджетті нақытлау және түзету барысында енгізілетін өзгерістер
2021 жылға арналған облыстық бюджет 2020 жылдың 11 желтоқсанында облыстық мәслихаттың №54/557-VІ шешімімен бекітіліп, жыл барысында 7-рет нақтыланған (облыстық мәслихаттың 4.02.2021 жылғы №2/9-VІІ, 19.03.2021 жылғы №3/22-VІІ, 21.04.2021 жылғы №5/43-VIІ, 18.06.2021 жылғы №7/58-VІI, 9.09.2021 жылғы №9/84-VІI, 9.11.2021 жылғы №12/144-VІI және 10.12.2021 жылғы №13/121-VІI шешімдерімен нақтыланған) және 16-рет түзетілген. Облыстық бюджеттің бекітілген шығындарын нақтылау және түзету барысында 264 047 175,0 мың теңгеге немесе 29,7 пайызға ұлғайған. Оның ішінде, даму бюджеті 116 966 508,0 мың теңгеге немесе 42,6%-ға, ағымдағы бағдарламалар бойынша 147 080 667,0 мың теңгеге немесе 18,2%-ға ұлғайған. Ағымдағы бағдарламалар шығындарының жалпы шығындардағы үлесі 82,7%-ды құраған.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша бюджеттік қаржылар жыл бойы бірнеше рет ұлғайтылған немесе қысқартылған.
8 бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан есепті жылы ағымдағы бағдарламалар бойынша 13 442 466,0 мың теңгеге қысқартылған.
 

Бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздардың пайда болу себептері
Облыстық бюджет бойынша 2022 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына дебиторлық  берешек 956 240,3 мың теңгені, ал кредиторлық берешек 4 769 969,3 мың теңгені құраған.
Ал 2021 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына дебиторлық  берешек   36 626 695,9 теңгені, ал кредиторлық берешек 36 045 332,2 мың теңгені құраған.
2021 жылғы дебиторлық берешек 2020 жылмен салыстырғанда 35 670 455,6 мың теңгеге, кредиторлық берешек 31 275 362,9 мың теңгеге кеміген.
2022 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан 956 240,3 мың теңге дебиторлық берешектің ішінде мерзімі өткен дебиторлық берешек 36 613,4 мың теңгені құраған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, мерзімі өткен дебиторлық берешек өсімі орын алмаған.

 

Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау
Түркістан облысын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру туралы есебіне сәйкес, 2021 жылы іске асыруға 24 нысаналы индикаторлар қарастырылған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 13 (54,2%) нысаналы индикаторларға нақты қол жеткізілген, 8-нің статистикалық есеп беретін мерзімі келмеген, 2-не қол жеткізілмесе, 1-і бойынша жоспарлы мәні келісілмеген.

 

Бюджеттік инвестициялық жобалардың уақтылы аяқталуы және пайдалануға берілуі
2021 жылы барлығы 635 бюджеттік инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған (546 –құрылыс, 89-ЖСҚ). Жалпы 546 бюджеттік инвестициялық жобаның 235-і нақты пайдалануға берілген (4 мерзімінен кешіктіріліп берілген), 1-і пайдалануға берілмеген, 310-і 2022 жылға өтпелі.
 
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау
2021 жылы облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша іске асырылған  225 бюджеттік бағдарламалардың 200-і бойынша нәтижелерге қол жеткізілген, 25 бюджеттік бағдарлама бойынша нәтижелерге қол жеткізілмеген.
Тікелей және түпкі нәтижеге қол жеткізбеудің негізгі себептері  санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты, мемлекеттік сатып алу конкурсының аяқталмауына байланысты, мердігермен келісім шарт талаптарын орындамауынан, атқарылатын жұмыстардың толық орындалмауынан және тауарлардың уақытылы жеткізілмеу есебінен орын алып отыр.
Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 29 бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ішінде 18 бюджеттік бағдарлама әкімшісі  бойынша күтілетін нәтижелерге толық қол жеткізілген, 11 бюджеттік бағдарлама әкімшісі  бойынша күтілетін нәтижелерге толық қол жеткізілмеген.

 

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінің және  активтерді пайдалану тиімділігі
Қаржы–шаруашылық нәтижелері бойынша жедел есептерге сәйкес 72 квазимемлекеттік сектор субъектілері 2021 жылды, оның ішінде 52 ұйым немесе жалпы санынан 72,2%-ы табыспен, 17 ұйым немесе 23,6%-ы нөлдік қаржылық нәтижемен, 3 ұйым немесе 4,2%-ы шығынмен аяқтаған, оның ішінде инвестиция және экспорт басқармасы бойынша «Turkistan» Арнайы экономикалық аймақтарды басқарушы компаниясы» АҚ, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы бойынша «Оңтүстік энергосервис» ШЖҚ МКК және қоғамдық даму басқармасына қарасты «Turkistan Media Holding» ЖШС.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінен дивидендтер түсімдері және аударымдары өткен жылмен салыстырғанда жалпы 167 146,2 мың теңгеге немесе 151 пайызға артқан.
Жыл қорытындысымен коммуналдық меншіктегі квазимемлекеттік сектор субъектілерінің дебиторлық қарыздары 11 953 844,0 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 75,6%-ға, ал кредиторлық қарыздары 2 265 594,0 мың теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 37%-ға азайған.

Тексеру комиссиясының 2021 жылдың қорытындысы бойынша атқарған қызметінің негізгі нәтижелері
Жалпы 2022 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына 12 аудиторлық іс-шара аяқталды. Аудиторлық іс-шараның шеңберінде 318 аудит объектісі қамтылып, мемлекеттік аудитпен қамтылған қаржы көлемі 363 907 940,8 мың теңгені құраған. Анықталған бұзушылықтардың сомасы барлығы 37 653 034,6 мың теңгені құраған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 36 838 341,1 мың теңгені, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 440 637,0 мың теңгені, тиімсіз жоспарланған қаржы 374 056,5 мың теңгені құрады.
Жалпы қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі 36 837 946,5 мың теңге болса, оның ішінде 2022 жылдың 1 қаңтардағы жағдайына мерзімі келген қалпына келтірілуі және өтелуі тиіс қаржы көлемі  35 712 402,1 мың теңгені құрап, нақты қалпына келтірілген және өтелген қаржы көлемі 36 052 896,8 мың теңгені құраған немесе есепті кезеңге 100,9% орындалған.
Жалпы ақшалай түрде өтелгені  15 170,7 мың теңге болса, есеп бойынша және қызметтермен (тауарлармен) қалпына келтірілген қаржы көлемі 36 037 726,1 мың теңгені құраған.
2021 жылдың 12-айында тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит барысында және жолданған нұсқамалардың қорытындысы бойынша барлығы 351 лауазымдық тұлғалар, оның ішінде 254 лауазымдық тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке және 97 лауазымдық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
2021 жылдың 12 айында сотқа және  уәкілетті органға (ішкі мемлекеттік аудит департаментіне, мемлекеттік кірістер басқармасына және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы Заңнамасының, Салық Кодексінің, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының және «Сәулет қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының талаптарын бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жалпы 122 материал жолданып, 106 материал бойынша (1 материал бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылған) 9 779,3 мың теңге айыппұл салынған, 4 материал бойынша жауапкершілікке тартылмаған, 12 материал өндірісте.
Есепті кезеңде сот органдарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1 әкімшілік іс қарау үшін жолданып, 1 әкімшілік іс бойынша 40,8 мың теңге айыппұл салынды.
Құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін 4 материал жолданған.
Жалпы жоғарыда аталған 12 аудиторлық іс-шараның қорытындысымен  мемлекеттік аудит объектілеріне барлығы 148 тапсырма және ұсыным (129 тапсырма мен 19 ұсыным) жолданған, оның ішінде мерзімі келгені 115 (100 тапсырма, 15 ұсыным). Нақты орындалғаны 121 (106 тапсырма,15 ұсыным), яғни 6 тапсырма мерзімінен бұрын немесе 105,2% орындалған.