2024 жылдың 30 қаңтарында Тексеру комиссиясының төрағасы Тапеев Ғалымжан Серікбайұлының төрағалық етуімен тексеру комиссиясында жиналыс өткізілді
Жиналыс барысында тексеру комиссиясы жұмысының тиімділігін арттыру және тексеру комиссиясының жұмысына ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, төраға тарапынан ескертпелер айтылып, тапсырмалар берілді.Алдағы уақытта қаржылық бақылау іс-шараларында мемлекеттік аудиторлардың және тексеру комиссиясы қыметкерлерінің Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңына сүйеніп жұмыс жасауын, қаржылық тексеру объектілерінде әдеп нормаларына сай келмейтін іс-әрекеттерге бармауын және мемлекеттік аудит объектілерінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп әрекет ету керектігін тапсырды.