Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2024 жылдың І-тоқсанына жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Түркістан қаласы 09.04.2024 жыл
Ішкі талдауға жататын мекеменің атауы: «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Тексеру комиссиясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Тексеру комиссиясы туралы Ережеге, сондай-ақ Тексеру комиссиясының Регламентіне сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырады.
Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» негізінде 2024 жылдың І-тоқсанына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында Тексеру комиссиясы төрағасының 2024 жылғы 4 сәуірдегі «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұйымдастыру шаралары туралы» №44 бұйрығымен жұмыс тобы қайта құрылды.
Жұмысшы топтың құрамы:
-Аппарат басшысы, топ жетекшісі;
-Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
-Әкімшілік-ақпараттық қауіпсіздік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
-Мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы;
-Персоналды басқару қызметінің басшысы;
-Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы-заң кеңесшісі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2 бағыттан тұрады:
- Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
- Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
I. Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау.
Тексеру комиссиясы аппаратының қызметін қозғайтын 1 нормативтік құқықтық акті және 2 құқықтық акті бар, олар:
Нормативтік құқықтық актілер: - Тексеру комиссиясының 2019 жылғы 11 маусымдағы «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» №15 қаулысы;
Құқықтық актілер: - Тексеру комиссиясы төрағасының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №222 «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының регламентін бекіту туралы» бұйрығы;
- Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/358-VІ санды «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік мекемесі туралы» Ережесі.
Аталған нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындайтын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.
II. Мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1.Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.
Тексеру комиссиясының бекітілген құрылымына сәйкес, жалпы штат саны 51 бірлікті құрайды.
Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде персоналды басқару бөлімімен міндетті түрдегі арнаулы тексеру жүргізу үшін ұлттық қауіпсіздік органына қажетті құжаттар жолданса, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ТО бойынша басқармасынан соттылығы туралы талапнамалар (требование) алынуда.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңын қабылдаумен байланысты, барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер Тексеру комиссиясындағы мемлекеттік қызметпен байланысты міндеттерімен, шектеулермен және тыйым салуларымен таныстырылған. Ол ақпаратпен таныстырудың құжаттары Тексеру комиссиясының персоналды басқару қызметінде сақталуда. Барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге қол қойылған.
Тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын және тәртіптің жалпыға ортақ қабылданған моральдық-этикалық нормаларын сақтауларына бақылау тұрақты негізде жүргізіледі.
2024 жылдың I-тоқсанында Тексеру комиссиясының мүшесі Н.Тагаев, D-2 санаты, 2024 жылғы 12-14 ақпан аралығында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Астана қаласында «Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасын 24 академиялық сағат көлемінде аяқтаған. Тексеру комиссиясының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) бас маманы Қ.Сражадинов, D-4 санаты, 2024 жылғы 26 ақпан 1 наурыз аралығында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалында «Эмоциональдв жәневитальді интеллект» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарының бағдарламасын 40 академиялық сағат көлемінде аяқтаған.
Мүдделер қақтығысын реттеу.
Тексеру комиссиясы төрағасының 2019 жылдың 04 маусымында «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы жұмыскерлерінің мүдделер қақтығысы туралы ережесін бекіту туралы» №131 бұйрығы қабылданған.
2024 жылдың I-тоқсанында Тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінен мүдделер қақтығысы туралы мәліметтер түспеген.
«Мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 18-НҚ нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 601 бірлескен бұйрығының негізінде мемлекеттік аудиторлар, кәсіби әдеп қағидаларына сәйкес әрекет етуге және мүдделер қақтығысы болған (туындаған) жағдайда оны не келешекте мүдделер қақтығысының туындауына байланысты жағдайларды жоюға міндеттеніп, растау нысанына мемлекеттік аудиторлардың қолдары қойылып, персоналды басқару бөлімінде сақталынған.
Тексеру комиссиясының апта сайынғы аппараттық жиналысында тексеру комиссиясының басшылығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын сақтауды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықпен күресу, жою, алдын-алу жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы тапсырмалар беріліп отырады.
Сонымен бірге әрбір аудит іс-шаралары басталар алдында Тексеру комиссиясының жауапты мүшесі мен аудит тобының жетекшісі, аудиторлық іс-шараны жүргізуге қатысатын мемлекеттік аудиторларға «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 38-бабында және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51-бабында қарастырылған мүдделер қақтығысы туындаған кезде мемлекеттік аудиторлар бұл жөнінде мемлекеттік аудитті тағайындаған басшыға жазбаша түрде хабарлауға міндетті екені айтылып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимыл бойынша техникалық сабақтар тұрақты түрде өткізіліп, хаттамалары түзілуде.
2.Мемлекеттік қызмет көрсету.
Тексеру комиссиясына мемлекеттік қызмет көрсету қызметтері міндеттелмеген және құзырына кірмейді. Тексеру комиссиясының басты қызметі сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу.
3.Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Тексеру комиссиясына рұқсат беру функцияларын іске асыру қызметтері міндеттелмеген және құзырына кірмейді. Тексеру комиссиясының басты қызметі сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу.
4.Бақылау функцияларын іске асыру.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» №392-V Заңының 13-бабына және Тексеру комиссиясының 2023-2024 жылға арналған тізбесіне сәйкес, мемлекеттік аудит объектілерінде сыртқы мемлекеттік аудит іс-шаралары жүргізілуде.
Аудит нәтижелерімен 2024 жылдың І-тоқсанында Мемлекеттік аудит объектілерінің лауазымды адамдарына қатысты әкімшілік шара көру үшін жинақталған 66 материал уәкілетті органдарға жолданған.
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
Тексеру комиссиясы төрағасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығымен бекітілген Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022-2024 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сәйкес, Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімдері жұмыстар атқаруда.
Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар әзірленіп, Тексеру комиссиясы төрағасының 2019 жылғы 28 қаңтардағы №33 бұйрығымен бекітілген.
Тексеру комиссиясында құрылған жұмысшы тобымен «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» негізінде 2024 жылдың І-тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, нәтижелері бойынша талдамалық анықтама түзілсе, тоқсан сайын Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша түзілген талдамалық анықтама мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолдануда.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, Тексеру комиссиясымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат әр тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жолдануда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Әдеп жөніндегі уәкіл туралы» Ережесіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету мақсатында, Әдеп жөніндегі уәкіл өз жұмысын жүргізуде.
7.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.
Тексеру комиссиясының ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған, төрағаның, мүшелердің, аппарат басшысының және әдеп жөніндегі уәкілдің азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген, ол ғимараттың стендінде орналастырылған.
Тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі және қабылдау тәртібі, Тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің Әдеп кодексі нормаларын бұзу, сыбайлас жемқорлық іс-әрекет тудыратын фактілер бойынша сенім телефоны арқылы хабарласу, мекеменің бақылау кітабына жазбаша түрде жеткізуіне болатындығы туралы бұқаралық ақпарат құралдарына хабарламалар жарияланған. Сонымен қатар, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының, мүшелері мен аппарат басшысының және Әдеп жөніндегі уәкілдің азаматтарды жеке қабылдау кестесі жарияланған.
Жеке қабылдауды ұйымдастыруды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. Есепті кезеңде е-өтініш электронды порталы арқылы жеке және заңды тұлғалардан 24 жолданым, мекеменің электронды құжатайналым жүйесі бойынша 2 жолданым, жалпы 26-жолданым келіп түскен, оның ішінде, 21-арыз, 1-шағым, 2-хабарлама, 1-сұраныс, 1-хат. 26 жолданымның 3-орындалған, 23-басқа органдарға құзіреттілігіне қарай орындау үшін жолданған. Жолданымдар Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес белгіленген мерзімдерде қаралған.
Азаматтардың сенімін бекіту, қызметтің айқындығын, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану фактісі және Тексеру комиссиясының лауазымды тұлғаларының Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңнама нормаларын бұзу, азаматтардың құқықтарын бұзу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың уақытында өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында және Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін «сенім телефонының» үздіксіз жұмыс істеуі ұйымдастырылған, ондағы телефон нөмірі Тексеру комиссиясының ресми сайтында орналастырылған.
8.Прокурорлық қадағалау және сот актілері.
Есепті кезеңде Тексеру комиссиясына прокурорлық қадағалау және сот актілері түспеген.
III. Қорытынды:
Жоғарыда баяндалғандар негізінде, жұмыс тобы Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу және олардың салдарларын жою жөнінде шаралар қабылдау және жаңадан енгізілген заңнамалар бойынша техникалық түсіндірме сабақтарын өткізу, сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлықтың түбі неге жеткізетіндігі туралы ақпараттық-насихаттық жұмыс ұйымдастыру, мемлекеттік аудит объектілерінде ашық есік күндерін және лекциялар өткізу қажет деп шешті.