«Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру»
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Нұрлан Тағаев «Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру» тақырыбында тексеру комиссиясының қызметкерлеріне техникалық сабақ өткізді. Техникалық сабақ барысында, 12-14 ақпан аралығында Астана қаласында «Бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру» тақырыбында біліктілікті арттыру семинарында өткізілген тақырыптардағы өзекті мәселелер талқыланып, бюджетті жоспарлаудың әдістері мен қырлары туралы пікірлер тыңдалды.