ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІНІҢ ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЖИЫН ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясында 2025 жылдың 15 мамыр күні аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А.Жанабайдың төрағалығымен Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарудың алдын алу мақсатында жиын өткізілді. Жиында Түркістан облысының полиция департаментінің ЖПҚБ аға инспекторы Аманбай Мансұр Жаңабайұлы көлік құралын масаң күйде жүру-заңмен тыйым салынған және әлеуметтік тұрғыда орынсыз әрекет болып табылатынын ескеріп, мұндай жағдайлар адамдардың қауіпсіздігіне әсер етіп қоймай, жол-көлік апаттарына ұшырауы немесе өз-өзіне зиян келтіруіне алып келетінін айтты. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінде масаң күйде көлік басқарғаны үшін жүргізуші куәлігінен шеттетіліп, қамаққа алу секілді жазалар қарастырылғанын түсіндіріп өтті.
Әдеп жөніндегі уәкіл Абзал Мұханұлы Жанабай талқыланған мәселелер мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыруға және олардың қоғамдық орындардағы мінез-құлқына ерекше назар аудару керек екенін ескертті.