🏆 Жеңіске жетелеген бірлік пен кәсібилік!

🏆 Жеңіске жетелеген бірлік пен кәсібилік!

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына және өңірлік тексеру комиссияларының құрылғанына 15 жыл толуына арналған республикалық Спартакиада жоғары деңгейде өтті.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мемлекеттік аудиторлар төрт спорт түрі бойынша өзара бақ сынап, кәсіби шеберлікпен қатар ұйымшылдық пен командалық рухтың жарқын үлгісін көрсетті.

Бұл беделді додада Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының ұжымы іріктеуден сүрінбей өтіп, тек облыстың емес Оңтүстік өңірдің (Алматы және Шымкент қалалары, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары)  намысын футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат түрлерінен қорғады.

Осы орайда біздің ұжым жоғары жауапкершілік пен жеңіске деген жігерін танытып, өңір намысын абыроймен қорғады. Әрбір спортшының табандылығы, ұйымшылдығы және бір-біріне деген қолдауы ұжымның басты құндылығы – бірлік пен кәсібиліктің нақты көрінісі болды.

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының ұжымы тек қызметте ғана емес, спортта да белсенділік танытып, мемлекеттік қызметшінің жан-жақты тұлға болуының жарқын үлгісін көрсетті.

Спартакиада нәтижесі бойынша Түркістан облысы футболдан Жоғары аудиторлық палатаға есе жіберіп жүлделі 2-орынды иеленді. Сондай-ақ, бас инспектор-мемлекеттің аудитор Нұрмаханов Ерғали үстел теннисінен 7 ойынның барлығында жеңіске жетіп 1-орынды жеңіп алды.

👏 Барлық әріптестерімізді осы айтулы іс-шарадағы белсенді қатысуларымен құттықтаймыз!

Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығы мен өңірлік тексеру комиссияларының 15 жылдық мерейтойы құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

Similar Posts

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *