ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ БЮДЖЕТ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ САЙРАМ АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облыстық мәслихатының алдағы кезекті сессиясында облыс әкімдігінің және 2022 жылға арналған облыстық бюджетті атқару жөніндегі Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі қаралатыны мәлім. Осыған байланысты облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы тексеру жұмыстарын бақылау мақсатында Сайрам ауданында көшпелі отырыс өткізілді. Кеңеске облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы А.Жиенбеков, тексеру комиссиясының мүшелері мен қызметкерлері, облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы А.Тасыбаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Оразалиев және ішкі саясат бөлімдерінің басшылары қатысты.
Жиынды тұрақты комиссияның төрағасы М. Тұрысбеков ашып, жүргізіп отырды.  Отырысқа қатысушылар Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының экономика және қаржы бөлімінде, ішкі саясат бөлімінде және Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында жүргізіліп жатқан тексеру жұмыстарымен таныс болды. Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы А.Жиенбеков, тексеру комиссиясының мүшесі А.Сихымбай, тексеру комиссиясының сапаны бақылау бөлімінің басшысы Х.Таженов, облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы А.Тасыбаев, Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Реметов баяндама жасап, атқарылып жатқан тексеру жұмыстары туралы ақпарат берді.

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелері Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясына заңға қайшылықсыз, сапалы тексерулер жүргізуді тапсырып, бұл мәселе тікелей тұрақты комиссияның бақылауында екенін атап өтті.