2024 жылы 17 шілдеде Түркістан облыстық мәслихатының №11/148-VIII шешіміне сәйкес, бірауыздан Тексеру комиссиясы мүшесі лауазымына Ұланбек Балтабайұлы Сейсенбаев тағайындалды.

2024 жылы 17 шілдеде Түркістан облыстық мәслихатының №11/148-VIII шешіміне сәйкес, бірауыздан Тексеру комиссиясы мүшесі лауазымына Ұланбек Балтабайұлы Сейсенбаев тағайындалды.
Мәслихат төрағасы Нұралы Әлмаханұлы Әбішов Тексеру комиссиясының ұжымын жаңа тағайындалған мүшемен таныстырды.
Сейсенбаев Ұланбек Балтабайұлы, 1977 жылы 9 ақпанда Түркістан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, еңбек жолын 1998 жылы «Қазыбек» тәуелсіз аудитор орталығының жетекші маман-ревизоры қызметкерінен бастап, әр жылдары түрлі мемлекеттік лауазымдарда болған. 2011 жылдан бастап Тексеру комиссиясында Мемлекеттік аудит бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы, бас инспектор- мемлекеттік аудиторы, Мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарып келді.