ӘДЕП КОДЕКСІНІҢ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

2025 жылдың 10 қыркүйегінде Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясында аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл А.Жанабайдың төрағалығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің, Түркістан облысы бойынша департамент өкілінің қатысуымен Әдеп Кодексінің талаптарын түсіндіру және мемлекеттік қызметшілердің ресми мінез құлық қағидаларын сақтау бойынша жиын өткізілді.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметте де, қызметтен тыс уақытта да әдеп
нормаларын сақтауды басты назарда ұстау керектігі ескертіліп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.